Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбедегі ет өнімдеріне басқа елдерден сұраныс артқан

2020-02-04 109

Былтыр 2018 жылмен салыстырғанда халықаралық нарыққа екі есе ет экспортталған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс бойынша өндірілетін өнімнің ішінен экпортқа ет, ет консервілері, шұжықтар және ұн, ұннан жасалған макарон өнімдері шығарылады.

«Ақтөбе қаласындағы «Жаңа Әлжан» ұн комбинаты шет елге өзінің өнімдерін эспортқа шығарып отыр. Жақын маңда Қытайға да тасымалдау жоспарлануда. Ет бойынша «Актеп» ЖШС былтыр өнімдерін Ресей, Иран, Өзбекстан, Қытай елдеріне шығарды. 2018 жылмен салыстырғанда екі есе ет экспорттадық. Бізде ешқандай эмаль қосылмайды. Табиғи таза өнім болғаннан кейін халықаралық нарықта сұраныс көп», - дейді Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.