Ақтөбе облысының жаңалықтары

2020 жылы кең жолақты Интернетке 880 ауыл қосылады

2020-02-04 109

Биыл 2020 жылы кең жолақты Интернетке 880 ауыл қосылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндаған ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрлық «Жібек жолы» бағытының негізгі міндеті – халықты сапалы интернетпен қамту. Қазір 117 қала мен 250-ден астам халқы бар 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған. Өткен 2 жыл ішінде 481 ауыл кең жолақты интернетке қосылды. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасады«, - деді министр.

Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобасы іске асырылды. Өткен жылдың соңында Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша TransCaspian Fiber Optic жобасының құрылысы басталды. Бұл ретте еліміздің географиялық орналасуын ескерсек, деректердің транзиттік әлеуеті ұлғаяды.

»Ал 2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады. Үй желісіне интернетті қосу деңгейін 84 пайызға жеткізу жоспарланған. Сондықтан, құрметті Премьер-Министр мырза, осы жұмыстарды жеделдетуге әкімдіктерге энергетика және жер мәселесін шешу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын«, - деді Асқар Жұмағалиев Үкімет басшысы Асқар Маминге қарата.