Ақтөбе облысының жаңалықтары

«Smart Aqtóbe» мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы таныстырылды

2020-02-03 158

Әзірге қосымшаны PlayMarket дүкенінен жүктей аласыз. iPhone смартфондары үшін нұсқасы келесі аптада дайын болады.

Бүгін қалалық әкімдік жаңартылған «Smart Aqtóbe» қосымшасын журналистерге таныстырды.

«Мұнда мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы, мектептер, балабақшалар, дәріханалар, ауруханалар мен емханалар, спорттық мектептер, қосымша білім беру мекемелері туралы ақпараттарды алуға болады. Сондай-ақ, тұрғын үй, жер кезегін білуге болады. Коммуналдық мәселелер бойынша 109 қызметіне тапсырыс қалдыра аласыз», - дейді қалалық ақпараттандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Аманат Рахимов.

Бұдан бөлек, қосымша арқылы бос жұмыс орындары, жастар тәжірибесі, анонстар, Aktobenews.kz сайтының жаңалықтары жарияланып тұрады.

Айта кетейік, аталған қосымша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жасалды.