Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік жас жұбайлар тойында мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

2020-02-03 199

Жас шаңыраққа берілген екі бөлмелі пәтерді үйленіп жатқан жігіт баспана қиыншылығын тартып отырған отбасыға табыстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жаңа отау тігіп жатқан қайырымды жан "Харекет" қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Нұрболат Елеусізов. Ұзақ уақыттан бері мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап, қуанышқа бөлеп жүрген ол шаңырақ көтеру тойында да игі ісін ұмытқан жоқ. Жиналған қонақтардың алдына өзіне сыйлыққа берілген екі бөлмелі пәтерді Әсия есімді жалғыз басты анаға табыстады. Өмірдің қиыншылығын көріп отырған Әсия өзінің балаларынан бөлек мүгедек екі апасы және сырқаттанған анасына қамқор болып отыр екен.

«Қуанышымызға берген «Харекет» қайырымдылық қорының екі бөлмелі пәтерін аса бір мұқтаж деп Әсияға бергіміз келді. Өзімізде бар кезде қиын адамдарды ұмытпағанымыз жөн. Қоғамдағы әрбір мұқтаж жанға жақсылық жасаудан жалықпасақ онық қайырымы болады», - дейді Нұрболат Елеусізов.

«Харекет» қайырымдылық қоры еліміз бойынша 165 баспананы табыстаған. Беріліп жатырған баспана Ақтөбе облысы бойынша он екінші үй.