Ақтөбе облысының жаңалықтары

Мәскеуде Қытайдың 14 азаматы денсаулық жағдайына шағымданды

2020-01-31 115

Мәскеу орталығында «Four Seasons» қонақүйінде 14 Қытай азаматы дәрігерлерге денсаулығына байланысты шағым айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қытайдың 14 азаматы қонақүйге жедел жәрдем шақыртқан. Олар дәрігерлерге денсаулық жағдайына шағымданған және шағымданушылардың басым бөлігінің дене қызуы жоғары болған», - деді агенттік дереккөзі.

Алдын ала дерек бойынша, қонақтарға ЖРВИ деген диагноз қойылған.

Оның айтуынша, қытайлықтар Мәскеуге турист ретінде келген. Қазіргі уақытта ол жерде жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Мәскеу денсаулық сақтау департаменті туристердің дене қызуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Коронавирус жағдайын бақылау және қадағалау жөніндегі жедел штаб жедел медициналық көмек бригадасының Four Seasons қонақүйіндегі 14 адамнан құралған қытайлық туристер тобына барғанын хабарлайды. Дәрігерлер сол жерде барлық туристерді тексерді, сегіз адамның дене қызуы шыққан деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тек бір науқаста жеңіл ЖРВИ белгілері болған. Тексерілген барлық азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық. Осыған байланысты оларды ауруханаға алып кетуге ешқандай себеп жоқ», - деп хабарлады ведомстводан.