Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбе қаласы бойынша 1800 жұмыс іздеуші тіркеуде тұр

2020-01-30 108

Жұмыссыз тұрғындардың көп бөлігі қайта даярлау курстарынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр он рет кезекті, төрт рет мамандандырылған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілген. Нәтижесінде 1307 қала тұрғыны жұмыспен қамтылыған. Бұл үрдіс биыл да жалғасын табады. Арасында арнайы курс бойынша оқытылып жатқандар да бар.

«Ақтөбе қаласы бойынша 1800 жұмыс іздеуші азамат тіркеуде тұр. Оның ішінде 200-ге жуығы жұмыс іздеп жатыр. Қалған 1600-ы «Еңбек» бағдарламасы аясында белсенді шараларға тартылған азаматар  болып табылады. Қайта даярлау курстарынан өтіп жаңа мамандықтарға бағытталып жатыр. Қазіргі таңда теміржол саласы бойынша қысқарту болып жатыр. Жұмыссыз қалған мамандарды тіркеуге алып сұранысқа ие салаға тарту бойынша жұмыстар атқарып жатырмыз», - дейді  Ақтобе қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының директорының міндетін атқарушы Алтынай Маханова.