Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде прокуратура мұғалімдердің іссапар шығынын өндіріп берді

2020-01-30 112

Ақтөбе облыстық прокуратурасы білім саласындағы іссапар шығынының төленбегенін анықтады. Қарыз 59 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлеріне іссапар шығынын төлеу мәселесі бойынша талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша жалпы білім беру ұйымдарында мектеп қызметкерлерінің құқығы бұзылғаны анықталды.

Мысалы, Әйтеке би ауданындағы мектеп мұғалімі 2019 жылы 12 күнге облыс орталығына жіберілген. Алайда, іс-сапар шығыны тек 7 ай өткеннен кейін төленді. «Облыс бойынша 1 100 білім беру саласы қызметкерлеріне 59 млн теңгеден астам іссапар шығыны бойынша қарыз тіркелді. Заң бұзушылықтарды жою және қолданыстағы заң талаптарын тиісінше орындау мақсатында жергілікті атқарушы органға прокурорлық қадағалау актісі берілді. Қазір барлық қарыз өтелді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.