Ақтөбе облысының жаңалықтары

Республикалық «Біз біргеміз» акциясына ақтөбелік өртсөндірушілер де атсалысты

2020-01-29 120

Төтенше жағдай қызметкерлері де қардан тазалау жұмыстарына үлестерін қосты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ел болып қолға алған челленджді ақтөбеліктерде атқарып жатыр. Танымал спортшылар балалар ауруханасын қардан тазартса, жастар мен студенттер жалғызбасты қарттар мен мешіт аулаларына қол көмектерін беріп жатыр. Бұл бастамаға төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де атсалысуда.

Өртсөндірушілер жағдайы төмен отбасылар мен жалғыз басты қарт кісілердің ауласын қардан толықтай тазартып, алғыстарына ие болды. Игі іске барлығы елуге жуық қызметкер жұмылдырылып, жиырма үш үйге көмек көрсетілді.

Аталмыз акция әлі де жалғасып жатыр.