Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020-01-29 83

Басқармаға басшылық қызметке 35 жасар Айбек Көпенов бекітілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат отырысында облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы таныстырылды. Лауазымды орынға бұрын басқарма орынбасары болып жұмыс жасаған Айбек Көпенов тағайындалды. .

 

35 жастағы Айбек Көпенов жоғары білімді. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы Ақтөбе облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2017 жылдың қараша айынан бастап осы күнге дейін Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.