Ақтөбе облысының жаңалықтары

ШҚО-да тағы 3 мектепте карантин жарияланды

2020-01-28 93

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты тағы 3 мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«ЖРВИ-ға шалдыққан оқушылар санының өсуіне орай 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында №9, 11 орта мектептерде және №1 бастауыш мектепте карантин жарияланды» - деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Алтайдағы № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланған болатын.