Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбе облысындағы маңызды жолдар жабылып жатыр

2020-01-27 117

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қарлы боранның күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар Ақтөбе-Мартук-Оренбург, Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк автожолы және облыстық маңызы бар Ақтөбе-Шұбарқұдық жол тораптарында көлік құралдарының барлық түрлері бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына ұзақ жолға шықпауды ескертеді. Ақ түтек боран күшейген жағдайда барлық бағыттағы жолдар жабылуы мүмкін.