Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ауа райына байланысты үш қалада мектепте сабақ тоқтап, жол жабылды

2020-01-23 69

Нұр-Сұлтан, Семей және Қарағандыда ауа райына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды. Қазақстанның бірнеше аймағында жол жабылды.

Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасының дерегінше, 23 қаңтарда қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Әлеуметтік желі қолданушылары қалада ақтүтек боран соғып, шыңылтыр аяз екенін айтады. Ауа райы мамандарының дерегінше, мұнда жел жылдамдығы секундына 8-17 метрді құраған.

Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, Қарағандыда 0-4 сынып оқушылары, Семейде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары сабақтан босатылды.

"Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің дерегінше, ауа райына байланысты республикалық трассалардың 25 пайызына жуығы жабылған. Төтенше жағдай комитетінің дерегінше, 22 қаңтардан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтаннан бес бағыт: Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Щучинск, Қабанбай батыр бойынша жүретін жолдар жабылған.

Азаттық.