Ақтөбе облысының жаңалықтары

Чемпиондарды шығарған ақтөбелік жаттықтырушы жылдың үздігі атанды

2020-01-21 140

Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының II Конгресінде танымал бапкер Айбек Шоқпытов «Жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясын иеленді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Конгрес аясында ассоциацияның каратэ, толық контактілі спорт, аралас жекпе-жек ММА, жекпе-жек спорт түрлері бойынша үздіктері анықталды. Ұйымдастырушылардың шешімімен ММА Республикалық Федерациясының вице-президенті, ақтөбелік чемпиондардың басын қосқан «Еркін күш» клубының негізін қалаушы Айбек Шоқпытов «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атанды. Былтырғы жылы тәжірибелі бапкердің шәкірттері «М-1 Global», «Fight Night», «GFC» титулдары бойынша белдіктердің иегері болды.

Тағы бір шәкірті Бағдат Жұбаныш ММА аралас жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы атанған болатын. Ассоциацияның ұйғарымымен Бағдатқа «Үздік спортшы» номинациясы берілді.