Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік чемпион Дәурен Ермековке танымал спорт жанашыры ат мінгізді

2020-01-15 69

Жақында ғана GFC титулы бойынша белдікті жеңіп алған чемпионға атыраулық кәсіпкер құрмет көрсетті деп хабарлайды Artobenews.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде бөліскен. Бокстан  жаңа белдіктің иегері атанған Садриддин Ахметов және тағы бір ақтөбелік чемпион Сергей Морозовпен бірге Атырау облысының әкімі Махамбет Досмухамбетовтың қабылдауында болып, студенттермен кездескен. Мұнайлы қалада өткізілген үлкен көкпар ойынында танымал спорт жанашыры Арман Тугаев спортшыға ат мінгізіп, шапан жапқан.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкер Арман Тугаев бұған дейін де ақтөбелік чемпиондар Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морорзовқа тұлпар тарту етіп, құрмет көрсеткен болатын.