Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қазақстандықтар желтоқсан айында 1,4 трлн теңгеге сауда жасады

2020-01-15 59

Өткен жылдың соңғы айында қазақстандықтар дүкендер мен базарларда 1,4 трлн теңге жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz сілтеме жасап.

Ranking.kz мамандарының мәліметінше, қазақстандықтар қараша айында 956,6 миллиард теңге, ал 2018 жылдың желтоқсанында 1,22 триллион теңге жұмсаған.

2019 жылдың желтоқсанында бөлшек сауданың нақты өсімі қарашаға қарағанда 44,8%, 2018 жылдың желтоқсанына қарағанда 7,3% болды.

Кассалар бойынша ресми жүргізілген бөлшек сауда көлемі жағынан Алматы көш бастап тұр – 451,5 миллиард теңге, 2018 жылдың желтоқсанында көрсеткіш 375,2 миллиард теңге болған. Алматыдан кейінгі орында Нұр-Сұлтан қаласы – 166,2 миллиард теңге, одан бір жыл бұрынғы көрсеткіш 143,2 миллиард теңге болған.

Ритейл бойынша үздік бестікке Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстары еніп отыр. Бөлшек сауда ең аз жасалған өңір – Түркістан облысы.

2019 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жылдық инфляцияның ресми деңгейі 5,3% -ды құрады. 2018 жылы жылдық инфляция 6%, 2017 жылы 7,4%, 2016 жылы 14,6% болған еді.