Ақтөбе облысының жаңалықтары

Алаяқтарға алданатындар көбейді

2020-01-14 228

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы алаяқтарға жастар жиі алданатынын есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бүгін облыстық полиция бастығы Атығай Арыстанов жылды қорытындылап, есеп берді.

«Тауарды, затты алмай интернет арқылы ақша аударып жіберетін адамдар көп. Мұнай қылмысты ашу қиын. Күн сайын әлеуметтік желі арқылы ескертіп, алдайтын адамдардың жолын да көрсетіп береміз. Тыңдап, нәтиже шығаратындары аз. Өткен жылы 1 мыңнан астам дерек тіркелді», - деді Атығай Арыстанов. Көбіне жылжымайтын мүлік, автобөлшектер мен киім-кешек сатып алатындар алданады.

«Қаңтар айында өзін Елена деп таныстырған белгісіз жан әлеуметтік желі арқылы шуба сатқан. Алдап, ақтөбеліктен 200 мың теңге ақшасын алып кетті. Тағы бір деректе, ақша салып, еселеп қайтармақ болған тұрғын алданды. Дәл осындай 425 факті бар», - деді облыстық полиция департаментінің бастығы.

Айта кетейік, өткен жылы қылмыстық құқық бұзушылық 23,5%, көшеде жасалған қылмыс 42,6%, бөтен мүлікті ұрлау 32%, бұзақылық 24,7% азайды.