Ақтөбе облысының жаңалықтары

Вице-министр: Былтыр 180 мың адам үйде жұмыссыз отырған

2020-01-14 126

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев іс-сапармен Ақтөбе қаласына келді. Ол аналардың былтырғы жаппай жұмысқа шықпай қалуына алаңдаулы.

«Жаңа ереже бойынша отбасыдағы ең кіші баланың жасы 3 жасқа толғанда, ата-ананың екеуі де жұмысқа шығуы керек. Әйтпесе әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Былтыр елде 180 мың адам жұмыс істемей, үйде отырған. Ал халық жұмыс істемесе, онда елдің экономикасы да құлдырап кетеді», - деді вице-министр Нариман Мұқышев.

 

Айта кетейік, бүгін вице-министр қалалық жұмыспен қамту орталығына және Халықтық кеңсеге барып, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыруға келген әйелдердің сұрақтарына жауап берді.