Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға айыппұл салынды

2019-12-26 196

Терроризмге қарсы қауіпсіздік ережесін сақтамаған мекемелер мен компанияларға 15 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен облыстық полиция департаменті стратегиялық нысан басшыларымен бірге семинар өткізді. Мұнда террорлық акттің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар пысықталды.

«Қауіпсіздік ережесі қатаң сақталуы тиіс. Егер талап орындалмаса 100-ден 500 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады. Қомақты қаржы төлемес үшін алдын ала бәрін ескерген жөн», - деді облыстық кәсіпкерлік палатасының сарапшысы Рахат Тәжібаев.

Күзет қызметінің техникалық базасын нығайту, кіріп-шығу құрылғыларын орнату және қызметкерлер арасында оқу-жаттығу өткізу міндеттелді. Айта кетейік, облыс бойынша террористік акт кезінде қорғалуы тиіс 700-ден астам нысан бар. Оның 500-ден астамы адам көп жиналатын қоғамдық орын. Биыл бәріне арнайы тексеру жасалған. Олардан 386 ереженің сақталмағаны анықталып, 41 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы 15 миллион теңге айыппұл салынды.