Ақтөбе облысының жаңалықтары

Смақов жаңа қызметте

2019-12-25 246

"Ақтөбе" футбол клубының экс-директоры екі бірдей лауазымға ие болды, деп хабарлайды Aktibenews.kz тілшісі.

Самат Смақов стадион жанына жиналған жанкүйерлеріне жаңа қызметтерін хабарлады.

Ол Ақтөбе облысы әкімінің футболды дамыту бойынша кеңесшісі және "Ақтөбе" басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

"Маған сенім білдірген облыс әкімі Оңдасын Оразалинге алғысым шексіз. Сонымен қатар, қолдау білдіріп жатқан барлық жанкүйерлерге ризашылығым шексіз. Барлық қазақстандық жанкүйерлер осы уақытқа дейін қолдау танытып келеді. Мен командада баяғыша қаламын. Осыған дейін жасалған жұмыстар жалғасады",-деді Смақов.

Айта кетсек, танымал футболшы  2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін "Ақтөбе" футбол клубының директоры қызметін атқарды.