Ақтөбе облысының жаңалықтары

Дубайдағы ЭКСПО: Қазақстанның павильонына 9 млрд теңге бөлінді

2019-12-24 369

Дубайда өтетін ЭКСПО көрмесіне Қазақстанның дайындығы туралы Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айытп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тартылатын инвестиция көлемін – 10 млрд долларға жеткізуді көздейміз. Ол үшін Дубайдағы ЭКСПО көрмесіне қатысу керек. Көрме 2020 жылдың 20 қазанында басталып, 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады. «Мүмкіндіктер» технологиялық кешені аясында Қазақстанның ұлттық павильоны құрылады. Оған әлемнің әртүрлі инвесторлары келеді», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Қаржы министрі осы мақсатта қанша қаражат бөлінетінін де айтып өтті.

«Уақытша құрылым көтеру үшін 8,8 млрд теңге (немесе 22 миллион доллар) бөлінді. Егер Қазақстанның павильонын келген инвесторлардың арқасында елімізге қосымша инвестиция тартылса, бөлінген қаражат өзін-өзі ақтап, жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашып, салық түсімдерін арттыруға жол ашылады. Сол себепті, аталмыш көрмеге қатысудың маңызы зор. Міне, сондықтан да осындай қаражат бөлініп отыр», - деді ол.