Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбені жаңа жылға безендіру үшін бюджеттен ешқандай тиын жұмсалмайды

2019-12-20 419

Бұл туралы Ақтөбе қалалық әкімдігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қаланы жаңа жылдық безендіру шаралары 17 желтоқсанда басталып кетті.

Дәстүр бойынша биіктігі 30 метр болатын қаладағы ең үлкен шырша облыс әкімдігіне қарсы Абай даңғылында орнатылуда. Бас шырша 300 жанатын және 250 әшекей ойыншықтармен безендірілтін болады. 18 метрлік шырша Тұңғыш Президент атындағы саябақта, 12 метрлік шырша стадион мен қала әкімдігінің жанында қойылады. Түрлі-түсті безендірулер үшін жүз шағын сәулеттік формалар жасалады.

Құны 100 млн теңге тұратын бұл жұмыстар безендірумен айналысатын мердігер мекемелердің есебінен жүргізілетін болады: жаңа жылдық безендіру жұмыстарына бюджеттен ешқандай ақша бөлінген жоқ.

Сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдар, оқу орындары саябақтарда, қала мен ауылдардағы саябақтарда, мәдени мекемелерде, сауда үйлерінде, ойын-сауық орталықтарында, кафе мен мейрамханаларда және басқа да бизнес нысандарында жаңа жылдық әсем шыршаларды орнатып жатыр.

Мұның бәрі, көшелер мен алаңдардағы, көпірлердегі, тұрғын үйлердің, ғимараттардың, бизнес нысандарының қасбетіндегі декоративті сәулелі бұйымдар секілді сөрелерде алдағы және көптен күткен мереке қарсаңында мерекелік көңіл-күй қалыптастырады.