Ақтөбе облысының жаңалықтары

Оқушыға азғындық жасаған күдікті ұсталды

2019-12-18 310

Ақтөбелік полицейлер  жасөспірімге зорлық көрсеткен 21 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

Мектептен қайтқан оқушы қыздың үйіне кіріп, азғындық әрекетке барған ер адам қамауға алынды. Аса ауыр қылмыс жасаған 21 жастағы тұрғынның бұрын сотталығы болмаған.

"Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120-бап 4-тармағы және 121-бап 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",-деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Қылмысты ашуға ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары басшылық еткен.

Айта кетейік,  кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты аса ауыр қылмыс 12 желтоқсанда тіркелді.