Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік полицейлер жолда қалған мыңнан аса көлікке көмек берген

2019-12-11 452

Күн суытқалы облыс аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда автокөлік құралдарының қозғалысы 17 рет тоқтатылған, деп хабарлайды, Aktbenews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығынан автожолдар жабылғанымен, қозғалыс тоқтаған жоқ. Әр сала мамандарының бірігіп жұмыс жасауы нәтижесінде жолда қалған көліктер құтқарылып, қауіпсіз жеріге жетіп жатты. Жол полиция қызметкерлері суық кезең басталғалы қиындықта қалған мыңнан аса көлікке көмек берген.

«Төтенше жағдай кездерінде біздің тарапымыздан республикалық жолдарда отыз, облыстық және аудандық жолдарды жүзге жуық қызметкер жұмыс жасады. Мыңнан аса көліктің қауіпсіз жерге жетуін ұйымдастырдық. Оның 400-ге жуығы жүк көлігі, 243-і шетел азаматтарының көліктері, 510-ы жеңіл атокөліктер. Соның барлығын баратын жеріне апардық. Жолдар жабылғанымен, ауа райының қолайсыздығы болсада қозғалыс тоқтаған жоқ», - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Алиев.