Ақтөбе облысының жаңалықтары

Киіктерді өртеп жібергендер қолға түсті

2019-12-09 434

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Toyota Land Cruiser  көлігіне тиелген киіктерді өртеп жіберген браконьерлер қолға түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға 5 желтоқсан күні Шалқардан 260 шақырым жердегі Тассай станциясының аумағында тіркелді. Киік атқан қаскөйлер көлікті өртеп жіберіп, қылмысын жасырмақ болған. Ақбөкенді заңсыз аулағандар Қызылорда облысының тұрғындары екені белгілі болды. Күдіктілер кінәсін оқиға орында мойындаған.  

«Жер талғамайтын көлік инспекторларға күдікті болып көрінген. Оларға жақындағанда екі күдікті көлікті өртеп, өздері секіріп түскен. Өрт басылған соң полиция қызметкерлері келіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Көліктен үш аңшы мылтығы,16 киіктің мүйізі және үш өлексе, үш пышақ және бір ара табылды»,-дейді жануарлар дүниесін қорғау инспекторы Мұратбек Жәшібай.

Жыл басынан бері инспекциямен киелі жануарлардың заңсыз аулауға қатысты 11 дерек тіркелген.