Ақтөбе облысының жаңалықтары

Дәрігерлердің қателігінен 300 млн теңге кері қайтарылды

2019-12-05 329

Әлеуметтік медицналық сақтандыру қоры көрсетілген қызметтің сапасына зор мән береді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Қор сарапшылары емдеу мекемелерінің қызметіне мониторинг жүргізіп, 28 мыңнан астам кемшілікті анықтаған. Соның нәтижесінде медицина ұйымдарына бөлінген 300 млн теңгеге жуық қаражат кері қайтарылды.

«Медициналық қор емдеу мекемелерін тек қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетсін деп медицина ұйымдарының жұмысына мониторинг жүргізеді. Қайтарылған сомма келесі жылдың бюджетіне енгізіледі», - деді Ақтөбе облыстық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының бөлім сарапшысы Айгүл Жанасаева.