Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қостанайда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған көкек ана табылды

2019-12-05 351

Қостанай қаласында жаңа туған баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қостанай полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы әйелді анықтады. Ол Қостанай қаласында тұрады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - делінген полицияның ақпаратында.

Бұл дерек тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көкек ананың кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Қостанайдағы «Әуежай» шағын ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды.