Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

2019-12-04 598

Облыс әкім Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдауда болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Мәскеуге сапары кезінде Жеңістің 75 жылдығына арналған мәдени-гуманитарлық жобаларды талқылады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елшілік пен Ақтөбе облысы әкімдігі Ржевтегі қазақстандық жауынгерлерге арналған мемориалды қайта жаңғыртылып, Санкт-Петербургте Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш орнатылған болатын. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин №402 Мәскеу гимназиясына барып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл қойды. Гимназия 1971 жылы ашылған. Әлия Молдағұлова атындағы музей 1973 жылдан бастап жасақталды. 2005 жылы Ақтөбе қаласының әкімдігі музей ғимаратын жөндеуден өткізіп, ескерткіш тақтасын орнатқан болатын.

«Аймақ басшысы экскурсияға келуші оқушылар мен балалардың Әлияның мергендік өнері қайдан шыққанын түсінулері үшін мұражайға садақ пен жебелерді сыйға тартты.  Музейдің екінші бөлімінде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білуге болады. Көрнекті орында – Алтын адам, қобыз, қазақтың ұлттық валютасы теңге қойылған. Кейін Марат Габдрахмановтың күміс, болат және табиғи тастардан жасалған бірегей мүсіндер көрмесін және өнер қайраткері Рауль Мир-Хайдаровтың картиналық коллекцияларын тамашалады. Салтанатты шарада Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филормонияның «Арайлы Ақтөбе» және «Аққу» би ансамбльдері өнер көрсетті», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.