Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қоқыс шығаратын екі компания жұмысын тоқтатты

2019-12-03 63

Қала қоқысын шығаратын «Таза қала Ақтөбе» ЖШС-і мен №27 басқарушы компаниясы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, 2018-2019 жылдар арасында үш компания тұрмыстыққатты қалдықты тасымалдады. Осы жылдың қыркүйек айында «Таза Life» жеке кәсіпкерлігімен №27 басқарушы компаниясы қызмет көрсетуін тоқтатқан.

««ТазаLife» компаниясының аумағын тазарту «Нео плюс» ЖШС-не жүктелді. Ал №27басқарушы компаниясының территориясы «Таза қала Ақтөбе» мен «Таза Қарғалы»компанияларына берілді. Қазір «Таза қала Ақтөбе» ЖШС-і де жұмысын тоқтатып, бар жұмыс «Таза Қарғалы» жеке кәсіпкеріне жүктеліп отыр», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.