Ақтөбе облысының жаңалықтары

Автобус аударылды

2019-12-03 96

"Самара- Шымкент" тас жолының бойында он жолаушысы бар автобус аударылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 07: 00-де тіркелген."Самара- Шымкент" тас жолының 917 шақырымында жолдан ауып кеткен Hyundai Stareks автобусына шетел азаматтары мінген.

"Автобус салонында 10 жолаушы болған.  Бәрі де Тәжікстан азаматтары. Жол көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. 46 жастағы жүргізуші ауа райының қолайсыздығын ескермеген",-деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көлікті көтеруге көмектесті. Жолаушыларға Богетсай ауылындағы кемпингтерде ыстық шай берілген. Шетелдіктер сапарларын жалғастырды.

Мамандар Алға мен Мұғалжар, Қарабұтақ пен Ырғыз аудандарының арасында көктайғақ екенін ескертеді.