Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ішкі істер министрлігінің көліктерге қатысты базасында 64 мың қате дерек жүр

2019-12-03 54

Ішкі істер министрлігінің көлік желісі бойынша 4,5 млн мәліметінің қате 933 мың мәліметі жаңартылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салық және кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың маңызды бағыттарының бірі - мемлекеттік органдардың дерекқорларын жаңарту. Бұл жұмыс жыл басынан бері белсенді түрде жасалуда. 25 млн-нан астам мәлімет өңделіп, 3,6 млн-нан астам қате мәліметтер жаңартылды», - деді ол.

Мысалы, министр дерегінше, Ішкі істер министрлігінің көлік желісі бойынша 4,5 млн мәліметтердің қате 933 мың мәліметі жаңартылды және ретке келтірілді.

«Қате жазбалардың қалған 64 мың мәліметі қысқа мерзімде жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, келешекте қайталанатын қателіктерді болдырмау үшін Ішкі істер министрлігіне қолданыстағы ақпараттық жүйені жетілдіру және форматтық-логикалық бақылауды күшейту қажет», - деді Ә.Смайылов.