Ақтөбе облысының жаңалықтары

Облыс әкімі «Невада-Семей» қозғалысының мерекелік медалімен марапатталды

2019-11-29 76

Өңір басшысы Оңдасын Оразалинге аталмыш антияролық қозғалыстың 30 жылдығына арналған мерекелік медалі табысталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Салтанатты рәсім кезінде «Невада-Семей» қозғалысының Батыс Қазақстан облысы бойынша директоры Ізімғали Көбенов облыс әкімінің Мұғалжар ауданында басшы болып қызмет атқарған кезеңіне ерекше тоқталды.

«Ақтөбе облысында 48 жыл бойы бүкіл әлемге белгілі болған «Эмба-5 сынақ полигоны жұмыс жасады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин көп жыл бұрын сол сынақ полигоны орналасқан Мұғалжар ауданында әкім болды. Аймақтағы халықтың, елдімекеннің  көптеген әлеуметтік мәселелерін тыңғылықты шешті. Полигондағы әскерилер қайтып, қиыншылық кезеңі басталған кезде тұрғындарға молынан көмектесті. Қозғалысымыздың басшысы Олжас Сүлейменовте әкімнің экологиялық аудандарға жасап жатқан оңды жұмыстарын байқап жүр. Сол себепті облыс әкіміне мерекелік медальды табыстаймыз деп шештік», - деді Ізімғали Көбенов.

Естеріңізге сала кетейік, Оңдасын Оразалин халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталған алғашқы облыс әкімі.