Ақтөбе облысының жаңалықтары

Медициналық сақтандыруды насихаттау үшін флешмобтар өтті

2019-11-28 51

Келесі жылы енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындардың назарын аударту үшін флешмобтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қордың жергілікті филиалы өкілдері флешмоб өткізу үшін халық көп шоғырланатын орындарды таңдаған. Бұған дейін акция «Орталық базар» мен «Мега Шығыс» базарында өтті. Флешмобқа М. Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері және №1, №2-ші қалалық емхана қызметкерлері жұмылдырылды.

Ал 26-шы қарашада кезекті акция халықтық кеңсе алдында ұйымдастырылды. Флешмобқа №1, №6-шы емханалардың орта буын медицина қызметкерлері, медициналық колледж студенттері қатысты.

Әр флешмобтан кейін ақтөбеліктерге ақпараттық парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020-шы жылдың 1 қаңтарында енгізіледі.

Қазір дайындық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.