Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жалғызбасты ана дағдарыс орталығына орналасты

2019-11-28 51

Ақтөбеде жолдасынан таяқ жеп, полициядан көмек сұрайтын қыз-келіншектер көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

Полиция қызметкерлері нәзік жандыларды зорлық-зомбалықтан қорғауға шақырады.

"Отсында зорлық-зомбылық көрген келіншектер көп. Қысым көрген әйел адам арыз жазса да, істі сотқа жеткізбей кешірім береді. Біздің жұмысымыз - қиын жағдайда қалған келіншектерге көмектесу. Оларды дағдарыс орталықтарына орналастырып, киім тігу, тамақ пісіру секілді айлық курстарда тегін оқытылады. Хромтау ауданынан сал ауруына шалдыққан баласы бар келіншек көмек сұрап келді. Тұратын жері, жұмысы жоқ. Баласының жәрдемақысына пәтер жалдап тұрған.  Келікшек тұрақты тіркеуде болмағандықтан атаулы әлеуметтік көмекті де ала алмай отыр екен. Қазір бұл келіншекті "Ана мен бала" орталығына орналастыру сұрақтары шешіліп жатыр",- дейді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор Ақкүл Қасанғалиева.

Жыл басынан бері отбасында қысым көрген 183 ана мен бала дағдарыс орталықтарына орналастырылған. Оның 60-қа жуығы әйел адам болса, қалғаны бала.