Ақтөбе облысының жаңалықтары

"Ақбұлақ" пен "Трансэнерго" бірікті

2019-11-27 114

Ақтөбеде  "Трансэнерго" АҚ мен "Ақбұлақ" АҚ коммуналдық қызметтері бір түбіртекпен жұмыс жасайды. 2020 жылы төлемдерде өзгеріс болмайды,  деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мекеме мамандарының айтуынша, коммуналдық қызмет мекемелеріндегі цифрландыру жұмыстары тұрғындарға зиянын тигізбейтін болады.

"Қала тұрғындарынан наразылық тудырмауын сұраймыз. Жылу беру және сумен қамтамасыз ету ұйымдарын біріктіру - техникалық қызмет көрсету шығындарын азайту мақсатында қабылданды. Бұл процесс 5 жыл бұрын бекітілген, жылу мен су тарифтеріне әсер етпейді. Ақпараттық және жедел қызметтердің телефон нөмірлерінде әзірге өзгеріс жоқ. Қызметкерлерді қысқарту болмайды. Біріктіру процесі жүріп жатқан кезде, екі кәсіпорын да қалыпты жұмыс істейді, - деп хабарлайды "Ақбұлақ" АҚ баспасөз қызметі Динара Жаналина.