Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жасөспірім үш тәуліктен бері іздеуде

2019-11-27 50

Темір ауданының 17 жастағы тұрғыны Сүлейман Есеналиев үш тәуліктен бері іздеуде жүр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Темір ауданы Бірлікті ауылының тұрғыны 24 қараша күні үйінен шыққан.  Хабарсыз кеткен жасөспірімнің қайда кеткені белгісіз. Іздеу жұмыстары әзірге нәтижесіз.

"Іздеу жұмыстарына 22 полиция қызметкері, 10 мектеп мұғалімі, әкімдік жұмысшылары мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жасөспірім туралы қандай да мәлімет білсеңіз 102 нөміріне немесе 8771 786 66 66, 8776 546 66 66 телефондарына хабарласу сұралады",-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жоғалған оқушының бойы шамамен 170-175 см, арық денелі.  Үйден шығарда ақшыл түсті тоқылған бөрік пен көк түсті қысқы күртеше, қара түсті шалбар киіп кеткен.

Денсаулығына байланысты жасөспірім үйден оқытылады.