Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде азық-түлік жәрмеңесі өтеді

2019-11-26 77

Алдағы сенбі күні «Табыс» коммуналдық базарында 30-дан астам тауар өндіруші арзандатылған бағамен тауар сатады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Әжниязовтың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкелерін апта сайын өткізу — бағаны тұрақтандырудың бірден-бір тетігі.

Осы орайда айта кету керек, 30 қараша күні «Табыс» коммуналдық базарында жәрмеңке өткізу жоспарланды.

«Жәрмеңкеге 30-дан астам тауар өндіруші, азық-түлік өнімдерін тасымалдайтын ірі компаниялар және 41-разъездегі көтерме базарда орындары бар кәсіпкерлер қатысады деп күтілуде. Базар әкімшілігімен тек жәрмеңке кезінде ғана емес, жалпы желтоқсан айы бойы базардағы бағаны төмендету туралы келісім бар», — деді Руслан Әжниязов.