Ақтөбе облысының жаңалықтары

Қала әкімі кәсіпкерлерге азық-түлікті 5%-ға арзандатып сатуды ұсынды

2019-11-25 114

Бүгін шаһар басшысы жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлермен кездесіп, оларға мереке күндері азық-түлікті 5 пайызға төмендетіп сатуға ұсыныс айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Желтоқсан айында үш мереке қатар келеді. Бағаны тұрақты ұстап тұруға, әлеуметтік азық-түлікті 5 пайызға төмендетіп сатуға ықпал етіңіздер. Бұл ұсынысымызға бей-жай қарамай, қолдау танытады деп сенеміз. Ақтөбе — бәрімізге ортақ қала. Ендеше ақтөбеліктердің мерекелік көңіл-күйінің көтеріңкі болуына қолдан келгенше бірігіп жағдай жасайық», — деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы тұрақтандыру қоры мен жылыжайлардағы көкөністің саны мен сапасын сараптау туралы тапсырма берді.