Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны көбейген

2019-11-25 137

Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биыл қылмыс 4 дерекке өсіп отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі бүгін қалалық әкімдікте қаралды. Статистикалық мәліметтер көңіл көншітпейді. Тек биыл 3 мыңға жуық жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Олардың барлығы түнгі уақытта үйден тыс жерде ата-анасыз жүрген.

Сондай-ақ, биыл кәмелет жасқа толмағандардың қатысы бар 87 қылмыс тіркелген. Қылмысқа тартылған оқушылардың басым бөлігі жағдай жақсы отбасында тәрбиеленген.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтың сөзінше, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру керек.

«Қазір ата-аналар түнгі уақытта балаларының қайда жүргенін білмейді. Жауапкершілікті күшейту қажет. Бала бір тәуліктің ішінде 8 сағат бойы мектепте жүрсе, қалған уақытта ата-аналарының қарауында болуы керек», - деді Саян Сүлейменов.