Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ержан Максим Junior Eurovision байқауында 2-орын алды

2019-11-25 85

Қазақстандық жас әнші Ержан Максим Польшада өткен балалар арасындағы Евровидение (Junior Eurovision) конкурсында 2-орын иеленді. Ол конкурста "Арманнан қалма" әнін орындады, деп хабарлайды Азаттық

Ержан Максим дауыс беруден барлығы 227 ұпай жинады. Ол әр елдегі әділқазылардан 148 ұпай (әділқазылар бағасы бойынша 1-орында болды), ал көрермендер дауысынан 78 ұпай алды.

Бұл конкурста польшалық Вики Габор жеңіске жетті - 278 ұпай. Үшінші орынды испаниялық Мелани Гарсия иеленді - 212 ұпай.

Былтырғы Junior Eurovision конкурсында Польша өкілі Роксана Венгель жеңіске жеткен. Қазақстаннан қатысқан Данелия Тулешова 6-орын алған.

Қазақстан бұл байқауға былтырдан бері қатысады.