Ақтөбе облысының жаңалықтары

Елбасы нұротандықтарға Тоқаевтың айналасына бірігу қажеттілігін еске салды

2019-11-25 72

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Nur Otan партиясының кеңесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының өңірлік филиалдары өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізуде.

«Жиын барысында сөз алған Елбасы партия мүшелеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасына бірігудің қажеттілігін және саяси бағыттың сабақтастығын жалғастыруды қайтадан еске салды», деп жазды Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында.