Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жасөспірімдер ойын клубында жүр

2019-11-22 200

Полиция қызметкерлері мен ұстаздар ойын клубтары мен кафелерді аралауға шықты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмағандар арасында пышақтасу оқиғасы жиілеп кеткендіктен қалада "Жасөспірім"  апталығы өтіп жатыр. Кешкі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарына жеткіншектерді кіргізбеу түсіндірілуде.

"Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Екі күнде бөлімшеге 18 кәмелетке толмаған бала жеткізілді. Оның ішінде 15 -і заңды өкілінсіз жүрген. Барлығы 41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды",-дейді Ақтөбе қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары. Нұрлан Оразалин.

Рейд жұмыстарына  полиция қызметкері, білім бөлімі,  ата-ана комитетінің өкілдерінен 104 адам шыққан.