Ақтөбе облысының жаңалықтары

Жеңілдік берілген 15 санат: жұмыссыз оралмандар

2019-11-22 155

Жұмыссыз оралмандар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің талаптары бойынша медициналық қызметтерді 2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап алады. ҚР «Жұмыспен қамту туралы» Заңының 14-бабына сәйкес жұмыспен қамту орталықтары «оралман мәртебесін» алған адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне жұмыс табуға көмек көрсетеді.  

Жұмыссыз оралман ретінде ресми тіркелген сәттен бастап олар МӘМС жүйесінің толық мүшесі ретінде  әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне қол жеткізуге құқылы. Ақтөбе облысында 4 жұмыссыз оралман тіркелген.