Ақтөбе облысының жаңалықтары

СІМ Гонконгте қазақстандық студенттің ұсталғанын хабарлады

2019-11-21 196

18 қарашада Гонконгтегі наразылық кезінде полиция баптистер университетінің 1-курс студенті қазақстандық Абилькаир Нукпиді ұстаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Азаттық

Министрліктің дерегінше, "Гонконгтегі Қазақстан консулы студентке барып қайтқан, жағдайы жақсы. Полиция ұстаған кезде оң қолының саусақтарын аздап жаралап алған. Ешқандай шағымы жоқ".

СІМ 20 қарашада студенттің ісі бойынша алғашқы тыңдау өткенін, Гонконгтегі Қазақстан елшілігі студентке адвокат іздеп жатқанын хабарлады.

Сәрсенбі күні Oyan, Qazaqstan белсендісі Әсем Жәпішева әлеуметтік желідегі парақшаларында Гонконгте Әбілқайыр Нұқпиев есімді (СІМ мәлімдемеінде - Абилькаир Нукпи) 19 жастағы қазақ студентінің ұсталғанын жазған. Bloomberg тілшісі Аарон Мак Николас Twitter желісіндегі постына сүйенген Жәпішеваның жазуынша, студенттің қолында жанғыш зат бар бөтелке болған. 16 қарашада Гонконгтегі баптистер университетіне бекінген наразыларды ұстау үшін полиция кампусқа шабуыл жасаған кезде қазақстандық студентті де ұстап, оның оң қолы жараланған.

Журналист Аарон Мак Николастың жазуынша, Қазақстан елшілігінің араласуына қарамастан Гонконг соты студентті "кепілмен босатудан бас тартып, сот тыңдауын қаңтар айына белгілеген".

A 19-year-old Baptist University student from Kazakhstan was among those arrested on Sunday night on suspicion of possessing a Molotov cocktailHe was refused bail today pending a further hearing in January, despite an intervention by the Kazakh consulate https://t.co/9Gs6pJiglf

— Aaron Mc Nicholas (@aaronMCN) November 20, 2019

18 қарашада Қазақстанның СІМ Гонконгтегі наразылыққа байланысты 118 студенттің елге келгенін хабарлаған. Министрлік 48 студенттің жақын күндері Қазақстанға оралатынын айтқан.

Соңғы бес айдан бері жалғасып жатқан наразылық шарасында Гонконг жұрты биліктен демократияға бастар нақты қадамдар талап етеді. Наразылар Қытайдың Гонконгтің ішкі ісіне араласқанына да наразы.