Ақтөбе облысының жаңалықтары

Ақтөбелік оқушы ел Президентін қайырымдылық кешіне шақырды

2019-11-20 242

Кеңқияқ ауылының 11 сынып оқушысы қайырымдылық кеші туралы хабарлап Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биыл мектеп бітіргелі отырған түлек сонымен қатар тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлованы да кештің қонағы болуға шақырған.

«Аса мәртебелі тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сізді, аса құрметті Президентіміз Қасмы-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сізді және Мәдениет министрі қадірлі Ақтоты Рахметуллақызы Райымқұлова сіздерді Ақтөбе облысы Темір ауданы Кенқияқ  ауылдық мәдениет үйінде өтетін биылғы жастар жылына орай «Дара жас, дара тұлға 2019» атты бинефис би шоу қайырымдылық кешіне шақырамын. Ыстық ықыласпен Нұрсұлу Тапалова атындағы «Үлгілі Нұрсұлу» би ансамблінің биші хореогрофы Сүйеубаева Майгүл Қанатқызы», - деп аяқтаған оқушы.