Ақтөбе облысының жаңалықтары

Димаш Құдайбергенов тағы бір сәт «Халықтың сүйіктісі» атанды

2019-11-20 174

Жыл сайынғы өтетін жүлденің дауыс беру кезеңі аяқталды. Димаш «Жылдың мәдени қайраткері» номинациясының иегері атанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Елімізде алғаш рет депутаттарды, мемлекеттік саясаткерлерді, блогерлерді марапаттауды бастаған «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі биыл да жалғасын тапты. Финалдық кезеңі аяқталып, 14 номинация бойынша қоғамның ең белсенді тұлғалары анықталды.

«Жылдың мәдени қайраткері» номинациясы бойынша соңғы кезеңге Димаш Құдайбергенов, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Майра Мұхамедқызы, Тұрсынбек Қабатов сынды танымал адамдар өткен болатын. Дауыс берудің нәтижесінде Димаш басқаларынан оқ бойы озып үздік деп танылды.

Бұл жобаның 2015 жылғы кезеңінде де Димаш Құдайбергенов «Жылдың үздік әншісі» болып таңдалынды. Яғни, екінші мәрте «Халықтың сүйіктісі» жүлдесінің иегері атанып отыр.

Барлық жеңімпаздарды марапаттау жаңа жыл қарсаңында өткізіледі.