Ақтөбе облысының жаңалықтары

Үздіктер марапатталды

2019-11-20 238

«Zhas Barys-2019» форумында өз ісінің үздігі атанған жастар марапатталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жастар жылын қорытындылаған ақтөбеліктер өңір белсенділерін марапаттады. Облыс әкімі үздік жастарға алғыс айтты.

"Болашақты ойласаңыздар ақ пен қараны айыра алуларыңыз керек. Сіздер қазақтың балаларысыздар. Ата-бабабаларымыздың аңсаған тәуелсіздігі біздің заманымызға келді. Ойларыңызды жүзеге асыруға толық мүмкідік бар. "Қазіргі жастар ештеңе білмейді, біз мықты болып едік" дегендерге үлкен мәселелерді шешіп, бізге жақсы жағдай жасаған сіздерге үлкен рақмет. Сонымен қатар біздерге жұмыс болсын деп тағы біршама шаруаны​ қалдырдыңыздар. Біздерден кейін де болашақ ұрпаққа жұмыстар қалады.​ Өмір-арпалыс. Бір мәселе шешілсе, екінші мәселе туындайды. Бұл табиғи заңдылық. Бүгінгі форумға да арнайы келіп, сіздердің орталарыңызда болғым келді. Сіздер үздіктердің үздігі атанған ел мақтанышысыздар",-деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Облыс басшысы 10 номинация бойынша үздік танылған жастарға диплом табыстап, 100 мың теңгеден ақшалай сыйлық берді.

Облыста 14 пен 29 жас аралығында 202 мыңнан астам жас бар. Биыл «Бизнес Бастау» жобасы аясында 195 жас өз істерін ашу үшін шағын несие алған.

5 мыңға​ жуық​ жас​ «Жасыл ел» жасақтары қатарында​ жұмыс жасады. «Дипломмен- ауылға» бағдарламасы бойынша да баспанамен қамтамасыз ету үшін жалпы​ бюджеттен 282 жас маманға​ сомасы 987 млн. теңге көлеміндегі​ ​ қаражат бөлінді