Ақтөбе облысының жаңалықтары

Оқушы пышақ жарақатын алды

2019-11-20 169

Қандыағашта мектеп оқушысы пышақ жарақатымен аурухана түсті, деп хабарлайды Aktobenews.kz  тілшісі.

Оқиға Қандыағаш қаласында 16 қараша күні кешкі сағат 21:30 шамасында болған.

"Қандығаш қаласының Жастық ауданында жасөспірімдер арасында төбелес болған. Пышақ жарақатын алған 10 сынып оқушысы ауруханаға жеткізілді. Төбелеске қатысқан жасөспірімдердің жеке басы анықталған жоқ",-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер арасындағы төбелестен кейін облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары Мұғалжар ауданында ата-аналар, ұстаздармен кездесті. Қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.

Облыста жасөпірімдердің қатысуымен 112 қылмыс тіркелген. Кәмелеттік жасқа толмаған үшеуі қаза тауып, жетеуі пышақ жарақатын алды.