Ақтөбе облысының жаңалықтары

Хорватиялық кәсіпкерлер Ақтөбеге келеді

2019-11-20 142

Ақтөбеге іссапармен келген Хорватия Республикасының елшісі Рефик Шабанович жұмысының нәтижелі болғанын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға арналған сапар барысында Рефик Шабанович облыс әкімімен және кәсіпкерлермен кездескен. Оған қоса бес оқу орнының басшыларымен жүздесіп білім саласында екі жақты меморандумға қол қойылған.

"Күні кеше облыс әкімімен кездесіп өте жақсы тақырыптар бойынша әңгіме қозғадық. Хорватиялық кәсіпкерлер осында келіп айтылған мұнай-газ, фармацевтика, агротехникалық құралдар, IT салалары бойынша кәсіп бастайтынына сенім білдіремін. Білім алу саласында  да меморандумға қол қойылып тәжірибе алмасуды көздеп отырмыз. Әңгіме барысында қайта өңдеу бойынша зауыттар керек екенін түсіндім. Егер қызығушылық болып жатса біздің жақтан бұл саладан да мамандар келе алады", - дейді Рефик Шабанович.