Ақтөбе облысының жаңалықтары

Дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

2019-11-20 129

Ақтөбеде үш бірдей аурухана қабылдамай, кейін инфекциялық ауруханада  көз жұмған бес жастағы бүлдіршін қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тергеуді прокуратура қолға алған. «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бабы бойынша тергеу басталды.

«Бала қазасына қатысты ҚР ҚК-нің 317 бабымен іс қозғалды. Іс прокуратураға жолданды»,-дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 5 жасар бүлдіршін 13 қазанда көз жұмды. Қызуы көтеріліп, әлсіреп қалған баланың диагнозын дәрігерлер анықтай алмай, ауруханалар қабылдамай қойған.