Ақтөбе облысының жаңалықтары

Діни рәсімді атқарушылар ресми бекітілді

2019-11-19 164

Ақтөбеде имамдардың үшінші аймақтық форумы өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Дін өкілдері  адам туғаннан, өмірден өткенге дейінгі атқарылатын негізгі жоралғыларды бір ізге салуды талқылады. Бекітілген ережелер өңір имамдарына таныстырылып,  қызметтік лауазымдағы өзгерістер айтылды. Енді  өкіл имам деген сөз қолданыстан алынып, мешіт басшылары бас имам деп аталатын болады.

"Облыстың бас имамы, қаланың бас имамы, ауданның бас имамы деп қолданатын боламыз. Ал ауыл мешіттеріндегі қызметкерді имамы деп айтамыз. Діни рәсімдерді  молда, азаншы, ұстаз мамандары атқарады. Рәсімдер өзгерді деп айта алмаймыз. Жалпы 45 діни рәсім бекітілді, бірақ онымен шектеліп қалады деген сөз емес",-дейді облыстың бас имамы Төлеби Оспан.

Ақтөбеде өткен "Рухани құндылықтар - қоғам бірлігінің негізі" атты шараға мүфтият өкілдері мен "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қатысты. "Жеті рухани қазық" құжатының маңыздылығы сөз болды. Онда имандылық, отаншылдық, ауызбіршілік, білімділік, еңбекқорлық, әділдік секілді адами қадір-қасиеттердің маңызы түсіндіріледі.  

Бүгінде облыста 69 мешіт, 110 діни қызметкер жұмыс жасайды. Имамдардың 70 пайызының жоғары және орта діни білімі бар.